USD
USD
USD

Қазақстанның төрт облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның төрт облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 10 желтоқсанда Ақтөбе облысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың оңтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматы облысының оңтүстігіне тұман түседі. Алакөл көліне жақын аудандарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 18-23 м/с-ке жетеді. 11-12 желтоқсанда облыстың солтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел есіп, оның жылдамдығы 15-20 м/с, Алакөл көліне жақын аудандарда 29 м/с және оданда жоғары болады.

10 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігіне, шығысына және орталығына тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан