USD
USD
USD

Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «13 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

13 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

«Күндіз 13 шілдеде Атырау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырау қаласында күндіз 13 шілдеде 37-39 градус қатты ыстық сақталады», - деп ескертті синоптиктер.

Күндіз 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық, оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Орал қаласында13 шілдеде 38 градус қатты ыстық.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт