USD
USD
USD

Қазақстанның тоғыз өңірінде астық жинау науқаны басталды

Астық жинау науқаны басталды.

Қазақстанның тоғыз өңірінде астық жинау науқаны басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда Қазақстанның алты өңірінде 638,8 мың га астық алқабы жиналды. Егін жинау науқаны Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Абай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте басталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Елдің барлық аймақтарында жаппай егін жинау тамыздың үшінші онкүндігінде басталып, қарашаға дейін жалғасады. Орташа өнімділік гектарына 14 центнер, 1079,6 мың тонна астық бастырылды.

Егін жинау науқанын өткізу үшін 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлу жоспарланған. Бүгінгі таңда 78,2 мың тоннасы төленіп, шамамен 45,7 мың тонна жөнелтілді.

Биыл Энергетика министрлігі уәкілетті орган ретінде МӨЗ-ден дизель отынының сату бағасын тоннасына 284 мың теңге деңгейінде бекітті. Жеткізу жөніндегі операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін орташа баға литріне 269 теңгені құрайды, бұл нарықтық құннан 9% төмен.

Облыстардың әкімдіктері жоспарлы режимде астық сақтау қоймаларының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды істеп жатыр. Элеваторлардың ағымдағы қуаты 29,9 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 16,9 млн тонна.

Осылайша, сақтау қуаттылығының көрсетілген көлемі өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікт

Қазір оқып жатыр

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.

Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Қосанов