USD
USD
USD

Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді

Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады.  

Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Үкіметі Мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады.

Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген. 

Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.

Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды. 

Жалпы осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. 

Қазір оқып жатыр

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов

Конституциялық құрылысты өзгертпек болған: Атырауда бір топ адам ұсталды

Атырауда ұсталған экстремистік топ

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім