USD
USD
USD

Қазақстанның солтүстігінде 150 елді мекен үш күннен бері жарықсыз отыр

Қазақстанның солтүстігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты 150 елді мекен жарықсыз отыр. 

Қазақстанның солтүстігінде 150 елді мекен үш күннен бері жарықсыз отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "18 қарашада облыстың 11 ауданында электр қуаты үзілді. 217 елді мекен немесе 33 мың отбасы жарықсыз қалды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 20 қараша күні таңертең 10 аудан жарықсыз қалды, бұл 150 елді мекен немесе 21 мың отбасыны құрайды", – деді төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Сәкен Ағзамов.

"Севказэнерго" АҚ Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылын электрмен қамтуды жартылай қалпына келтіргенін хабарлады.

"Жұмыс ұзақтығы электр жабдықтары зақымданған жерлерді іздестіру жұмыстарының ауқымды аймағымен байланысты. 110 кВ әуе желісінде жерге тұйықтау сымының үзілгені анықталды. Сондай-ақ апаттық бригадалар төрт фидерді жөндеді", - деді компания.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар