USD
USD
USD

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 23 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскиймен кездесуі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украина елшісіне наразылық білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді.

Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуі тиіс. 

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы үндеу жариялады.

"Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Украина елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздерін қатаң айыптаймыз және ондай сарындағы мәлімделерге жол беруге болмайды деп санаймыз. Бейбітшілік пен бірлік біздің мемлекеттік саясаттың және қоғамдық бірігудің басты қағидалары. Сондықтан мұндай пікірді кім айтса да біздің қарсылығымызға ұшырайды",- деп жазылған үндеуде.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков