17 Қазан 12:39
...

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалары халықаралық ұйымдарға ұсынылды

Фото:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн тәртібіне тартылған ұйымдармен бірқатар көшпелі екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Антикор. 

Алматы, NEGE. Халықаралық әріптестерге ағымдағы жылдың ақпан айында қабылданған 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын іске асыру барысы, ведомство қызметіндегі негізгі басымдықтар және бизнесті сыбайлас жемқорлық қысымынан қорғау шаралары таныстырылды. Transparency International (Берлин, Германия) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ілгерілету жөніндегі жаһандық ұйымның талдаушыларымен кездесу барысында оның негізін қалаушы Питер Айген саяси жаңғыру объективі арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені жетілдірудің серпінді сипатын атап өтті.

Тараптар шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару желісі бойынша өзара іс-қимыл жасау үшін әлеуетті атап өтті. Тағы бір бірлескен жоба азаматтардың сауалнамасы негізінде «сыбайлас жемқорлық барометрі» елдік зерттеуін жүргізу болуы мүмкін. Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығының талдаушылары халықаралық стандарттарға сәйкес негізсіз байыту үшін жауапкершілікті және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды кешенді қорғау шараларын енгізуді көздейтін Парламенттегі заң жобасын оң бағалады. Қазақстанда әзірленіп жатқан мүдделер қақтығысын реттеу, заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігін күшейту, пара беру уәдесін/ұсынысын криминализациялау, Еуропа Кеңесі мен ЭЫДҰ ұсынымдарының призмасы арқылы сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу және басқа да новеллалар мәселелері елеулі қызығушылық тудырды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның (Женева, Швейцария) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әріптестік бастамалары» (PACI) үйлестіру тобымен мемлекеттік және жеке секторлардағы комплаенс жүйесін дамыту және бизнестегі парасаттылық қағидаттарын дамыту бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Бұл тұрғыда сарапшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа бірқатар мемлекеттік органдарды, академиялық топтарды және азаматтық қоғамды тартудың маңызды рөлін атап өтті.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Агенттік жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында шетелдік әріптестермен сындарлы өзара іс-қимылды арттыру үшін қадамдарды пысықтауда.

Тегтер: