USD
USD
USD

Қазақстанның шекара қызметі Күдебаевтың Қырғызстан арқылы Түркияға қашып кеткенін растады

Прокурор соттан Алматы және Алматы облысы полиция департаменттерінің (ПД) бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ісін қарауды тоқтата тұруды және оған іздеу жариялауды сұрады.

Қазақстанның шекара қызметі Күдебаевтың Қырғызстан арқылы Түркияға қашып кеткенін растады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Прокурор соттан Күдебаевтың ісін қарауды тоқтата тұруды және оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады. Ол 23 наурызда Қазақстаннан Қырғызстанға, одан Түркияға кеткен. Мұны, судьяның айтуынша, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі растады» - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін NEGE-нің редакциясы Алматы қаласы және Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік КҮДЕБАЕВ елден қашып кеткенін хабарлаған болатын.

Қаңтар оқиғасынан кейін «қызметтегі әрекетсіздік» бабы бойынша айыпталып, соты жүріп жатқан С.Күдебаев шетелге қашып кетіпті. Оған қатысты сот үкімі бұдан бір ай бұрын шығуа керек еді, алайда сот бірнеше мәрте кейінге қалдырылды. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе