USD
USD
USD

Қазақстанның шахмат Федерациясы бүкіләлемдік «Коронавирусқа Шах және Мат» бастамасына қосылды

Қазақстанның шахмат Федерациясы Халықаралық шахмат Федерациясының (FIDE) «Checkmate Coronavirus» бастамасына қолдау білдірді. Бұл шараның аясында шахматтан онлайн жарыстар өтеді.

Қазақстанның шахмат Федерациясы бүкіләлемдік  «Коронавирусқа Шах және Мат» бастамасына қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама карантин шараларының кесірінен үйде отыруға мәжбүр болған барлық шахматшының ақыл-ой шығармашылығы әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Жобаның қатысушылары 2021 жылы Мәскеу қаласында өтетін Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін 64 жолдаманың бірін ұтып алу үшін сайысқа түседі. Одан бөлек онлайн жарыста 1500 түрлі сыйлық, гроссмейстерлермен мини-матч және шеберлік сабақтары сынды жүлделер де ойнатылады. 16 маусымда Қазақстанның шахмат Федерациясы шахматқа қызығатын барлық отандасымызды chess.com.платформасында өтетін онлайн турнирге қатысуға шақырады. Жарыс Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жарыстың алдында сағат 17:00-де барлық қатысушы тіркеуден өтуі тиіс. Жарыс «Kazakhstan Chess Federation» онлайн клубында өтеді. Клубқа өтуі үшін play@kazchess.kz. электронды поштасына өтініш жолдау қажет.

Қазір оқып жатыр

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.