USD
USD
USD

«Қазақстанның орнықтылық қоры» таза кірістің 100 пайызын дивидендтерді төлеуге жіберді

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ («BBB»/болжамы «Тұрақты», Fitch, бұдан әрі – Қор) 2020 жылғы таза пайданың 32,4 млрд теңгесін дивидендтерді төлеуге жіберді. Бір жай акцияға есептегенде дивидендтің мөлшері 67 теңге 25 тиынды құрады.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» таза кірістің 100 пайызын дивидендтерді төлеуге жіберді
Фото: NEGE.kz

Дивидендтер Қор акционері – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы өзінің міндеттемелерін орындауы шеңберінде төленді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша да қордың 27,7 млрд теңге сомасында таза пайданы түгелімен акционерге жібергенін еске саламыз.

Қор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады. Негізгі мақсаттары: банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу; ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етуге қатысу; ипотекалық тұрғын қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға қатысу; басымдық берілген жобаларды кредиттеу тетігіне қатысу; Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін төмендету шараларын іске асыруға қатысу.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді