USD
USD
USD

Қазақстанның орман-тоғайлы аймағы 5 пайызға жетеді

Алдағы 5 жылда Қазақстанның орман-тоғайлы аймағы 5 пайызға жетеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «ECOJER» халықаралық конгресі барысында айтты.

Қазақстанның орман-тоғайлы аймағы 5 пайызға жетеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жаһандық температураның көтерілуімен күресте батыл әрекет жасайтын уақыт жетті. Өткен жылы біз ұлттық заңнамамызды қайта қарап шықтық және жаңа Экологиялық кодекс қабылдадық. Бұл шешімдер әзірлеуде климаттың өзгеруіне бейімделу процесін жақсырақ ықпалдастыру үшін жасалды», – деді министр.

Оның атап өтуінше, бұл жергілікті деңгейде, сонымен қатар климаттың өзгеруіне барынша бейім секторларда тұрақтылықты арттырудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берді.

«Бұған қоса Президенттің тапсырмасы аясында алдағы 5 жылдың ішінде парникті газдардың сіңірілуін арттыру үшін 2 млрд ағаш отырғызатын боламыз. Аталған іс-шаралардың нәтижесі республика аумағында орман-тоғайлы аймақты 5 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай табиғатқа бағдарланған шешім климаттың өзгеруі салдарынан қуаңшылық проблемасын тежеуге мүмкіндік береді деп есептейміз», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға