USD
USD
USD

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы консулдық есебіне тіркелушілер саны күрт өсті

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы консулдық бөлімінің есебіне тіркелуші отандастарымыздың саны күрт өсіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы консулдық есебіне тіркелушілер саны күрт өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Оңтүстік Кореядағы консулдық есепке тұрып жатқан қазақстандықтардың саны күрт өсіп келеді. Өйткені 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3-ке дейін азайған болатын. Сондықтан ол жақтағы отандастарымыз келешекте шыға алмай қалмаймыз ба деп қорқып, өздерінің сонда жүргенін білдіріп жатыр. Біз ол жақта қанша отандасымыз барына, не істеп жатқанына есеп жүргізу үстіндеміз», - деді Айбек Смадияров ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, қазіргі таңда Оңтүстік Корея аумағында Қазақстанның 35 мыңға тарта азаматы жүр.

«Өткен аптада олардың 800-і консулдық есепте тұрса, бүгінгі күні есепке тіркелгендердің саны 1500-ге жетті. 35 мың қазақстандықтың шамамен 12 мыңы ол жақта заңсыз жүргендер», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам