USD
USD
USD

Қазақстанның мектеп оқушылары Женевада робототехникадан өткен әлем жарысында жеңіске жетті

Оқушыларымыз Женевада робототехникадан өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетіп, рекорд орнатты.

Қазақстанның мектеп оқушылары Женевада робототехникадан өткен әлем жарысында жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Балалармен телефон арқылы байланысып, жеңіспен құттықтадым. Олар 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ең көп ұпай жинады. Бұл жаңалықпен ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желілерде бөлісті.

Бұл робототехника чемпионаты - әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Жеңіс оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді.

Еліміздің намысын ұлттық құрама атынан 15 пен 17 жас аралығындағы 5 оқушы қорғады. Олардың барлығы FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің жеңімпаздары. Оқушыларымыз 3 күн ішінде 16 ойын өткізіп, ешқайсысынан жеңілмей, ұпай саны бойынша рекорд орнатты. Чемпионаттағы бірінші орыннан бөлек, қазақстандық команда басқа елдердің командаларына көрсеткен «Айрықша қолдауы үшін» Al-Khwarizmi алтын медалін, сондай-ақ роботты жасаудағы тамаша инженерлік шешімдері үшін JUDGES AWARD арнайы сыйлығын жеңіп алды.

«Оқушыларымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймын! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруге тілектеспін!

Республика күні қарсаңында бізді жақсы жаңалықпен қуанттыңыздар. Өз жетістіктеріңіз арқылы басқа балаларды ынталандыратындарыңызға сенімдімін. Сондай-ақ қолдау көрсеткен мұғалімдерге, жетекшілерге және дарынды балалардың ата-аналарына алғыс айтамын», - деді Аймағамбетов.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың цифрлық білімі мен дағдыларын жетілдіруіне мүмкіндіктер жасауды жалғастыра береді. Соңғы 3 жылда елімізде 41 IT-мектеп ашылды. Қазір онда 55 мың бала оқып жатыр. Сондай-ақ білім алушыларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген, олар да цифрлық білімді дамытуға бағытталған.

Президент білім беру саласындағы цифрландыруға ерекше көңіл бөліп отыр. ІТ-мектептердің ерекшелігі - ІТ-технологиялар саласында мамандану, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды тереңдетіп оқыту, 3D модельдеу.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті