USD
USD
USD

Қазақстанның киберқауіпсіздік индексі 9 сатыға көтерілді

Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымы киберқауіпсіздік жаһандық индексі деңгейі бойынша 9 сатыға көтеріліп, 31- орынға орналасты (бұған дейін - 40 орында болған.

Қазақстанның киберқауіпсіздік индексі 9 сатыға көтерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭБО) 29 маусымда өткен конференциясында Киберқауіпсіздіктің жаһандық индексі туралы 4-ші басылым есебінде жарияланды, деп хабарлайды Цифрлық даму министрлігі.

ТМД аймағы бойынша Қазақстан 2-орында, бірінші – Ресей Федерациясы. Рейтинг жасау кезінде мемлекеттің заңнамалық базасы, техникалық және ұйымдастыру іс-шаралары, халықаралық аренадағы қызметі мен ақпараттық қауіпсіздік саласын дамытуға бағытталған әлеуеті негізге алынады.

Еліміздің «Қазақстан киберқалқаны» және «Цифрлық Қазақстан» сияқты стратегиялық бағдарламаларында ХЭБО-ның киберқауіпсіздік жаһандық индексі ақпараттық қауіпсіздік бойынша басты индикатор болып есептеледі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ХЭБО ұжымына өзара тиімді серіктестік және киберқауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша қолдау көрсеткені үшін алғыс айтады.

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров