USD
USD
USD

Қазақстанның ХҚО-лары өз жұмысын қайта бастады

2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде ХҚО-лар өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның ХҚО-лары өз жұмысын қайта бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Азаматтарға кезең-кезеңімен барлық қызметтер қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды ресімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды. Айта кету керек, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін. Сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚО-лар жұмыс істемейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы автоХҚО-лар мен ХҚО-лар жұмысының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайтын болады. Бұған дейін Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ХҚО-лар жұмысын тоқтатқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаутағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler