USD
USD
USD

Қазақстанның ХҚКО-ларында техникалық ақау орын алды

Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық ақаулар орын алды.

Қазақстанның ХҚКО-ларында техникалық ақау орын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жылжымайтын мүлік регистрі» Мемлекеттік деректер қоры (ЖМР МДҚ) тарапынан жүйе жұмысының техникалық ақаулары тіркелді. Салдарынан қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» және «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару» қызметтері қолжетімсіз.

«Аталған ақаулар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ЖМР МДҚ-ға техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады) «Жылжымайтын мүлік регистрі» Мемлекеттік деректер қорын жаңартқан сайын ара-тұра орын алып отыр. Ретке келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін көші-қон қызметінің тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару қызметтері қайта іске қосылатын болады», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі қызметінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе