USD
USD
USD

Қазақстанның Халыққа қызмет ету орталықтары техникалық себептермен жұмыс істеген жоқ

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету операторлары арқылы мемлекеттік қызмет алу кезінде техникалық жаңылыс болғаны туралы хабарлады, деп жазады Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.

Қазақстанның Халыққа қызмет ету орталықтары техникалық себептермен жұмыс істеген жоқ
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.   «Техникалық жаңылыстарға байланысты мемлекеттік қызмет түрлерін ХҚКО операторлары арқылы алу әлі де қолжетімсіз екенін хабарлауға мәжбүрміз. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Мемлекеттік корпорация мамандары бұл проблеманы шешу үстінде. Азаматтардан қалыптасқан жағдайға байланысты түсіністік білдіруін сұраймыз», - деп ақпараттандырды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, барлық қызмет түрлері Электронды үкімет порталында онлайн-режимде, Egovkzbot 2.0 Telegram-боты және Egov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Қажеттілік туындаған жағдайда азаматтар сондай-ақ кеңес алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы корпорация қызметкерлерінің көмегіне жүгіне алады.

Бұған дейін қазақстандықтардың ХҚКО қызметін видео тілдесу арқылы ала алатыны хабарланған.

Қазір оқып жатыр

Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын ірі жобаларды кешіктіргені үшін сынға алды

.

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов