USD
USD
USD

Қазақстанның гуманитарлық көмегі Ауғанстанның Балх провинциясына жетті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Хайратон» теміржол станциясының аумағына (Ауғанстан, Балх провинциясы) Ауғанстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстандық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы келді, деп хабарлайды Сыртқы істер министірлігі.

Қазақстанның гуманитарлық көмегі Ауғанстанның Балх провинциясына жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жалпы салмағы 1662 тонна болатын 27 вагоннан тұрады. Онда күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, зығыр маталар, жастық қаптары мен кереуеттер бар.

Балх провинциясы губернаторының орынбасары А. Идрисс ауған халқы атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел халықтары арасында берік достық байланыстардың бар екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.