USD
USD
USD

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанған мұғалімдер мектепті басқару ісіне араласады

«Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне қатысады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанған мұғалімдер мектепті басқару ісіне араласады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Білім беру сапасын жақсарту мақсатында «Қазақстанның еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер мектепті басқару мәселелеріне қатысады. Оған қоса, білім берудегі тәуелсіз кәсіби сарапшылар институтын дамытатын боламыз. Бұл ретте педагогтың жоғары мәртебесі білім сапасын жақсартуға қызмет етеді», - деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.

Сонымен бірге, Президент кадр резервіне ұқсас білім мекемелері басшылығына болашақ кандидаттардың республикалық дерекқоры құрылады.

«Бұл шара білім беру ұйымдарын білікті басшылармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пән мұғалімдерінің деректер базасы құрылады, ол өңірлердегі педагог кадрларының тапшылығын жоюға көмектеседі. Бұдан басқа, білім беру ұйымдарының басшыларының жалақысы көбейеді», - деді Оқу-ағарту министрі.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі