USD
USD
USD

Қазақстанның ең үздік медбикесі кім?

Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қызметкері Маржан Атагелдиева 2021 жылдың ең үздік медбикесі болып танылды, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Қазақстанның ең үздік медбикесі кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республикалық байқаудың жүлдегері - Маржан Атагелдиева Талғар жоғары медициналық колледжін және Каспий қоғамдық университетін медбике мамандығы бойынша тәмамдаған. Медицина саласында 19 жылдық тәжірибесі бар алматылық медбике Маржанның Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жұмыс істеп жатқанына биыл 10 жыл. «Республикалық байқау елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимінде өтті. Мен жеңіске әріптестерімнің үлкен қолдауының арқасында жеттім.Ұжымым маған көп көмектесті. Олар мені моральдық жағынан қолдады, мұндай қолдаудың берері көп», – дейді Маржан. Медбикенің айтуынша, бұл байқау медицина саласында оның әрі қарай дамуына түрткі болды.

Қазір оқып жатыр

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино

ORDA желілік басылымы 1 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатпақ

Orda.kz