USD
USD
USD

Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау туралы өтінішін қарап», Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын 732 (1992) қарарын бірауыздан қабылдады. Бұл жайында сыртқы саяси ведомствоның Telegram парақшасы жазды.

Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеңес төрағасы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің атынан жасаған мәлімдемесінде бұл шешімді «шынайы тарихи оқиға» деп атады.

«Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жұмысының барлық салаларына маңызды үлес қоса алатынына күмәнім жоқ», – деп мәлімдеді ол.

Ол сондай-ақ: «Кеңес мүшелері Қазақстан бейбітшіл, БҰҰ Жарғысында қамтылған міндеттемелерді орындауға қабілетті және дайын мемлекет бола отырып, Жарғының қағидаттарында қамтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға белсенді және сындарлы ықпал ететініне сенімді», – деп атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков