USD
USD
USD

Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райы бұзылады

  Синоптиктердің болжауынша, ертең бірнеше өңірде дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Қазақстанның бірнеше өңірінде күн райы бұзылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтанда кей уақыттарда найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай түсуі мүмкін. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, 25-28 м/с. Оңтүстігінде және таулы аудандарында бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Талдықорған қаласында найзағай түсуі ықтимал. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай, шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел екпін - 15-20, 25 м/с. Көкшетау қаласында 11 мамырда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні - 15 м/с. Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және Орал қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде желдің екпіні - 15-20 м/с болмақ. Қостанай облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні - 15-20, 23 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші - күндіз 15-20 м/с дейін. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Ақтау қаласында күндіз найзағай түсуі мүмкін. Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнауы ықтимал. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 18 м/с. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с. Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев