USD
USD
USD

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады

«Қазгидромет» өкілдерінің айтуынша, 20 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 20 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні    15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавлда найзағай  күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні  15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 
Қостанайда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай