USD
USD
USD

Қазақстанның бірнеше аймағында антитеррорлық операциялар жалғасады – Мемлекеттік хатшы

Төтенше жағдай режимі алынып тасталғанына қарамастан, еліміздің бірнеше аумағында антитеррорлық операциялар жалғасады.

Қазақстанның бірнеше аймағында антитеррорлық операциялар жалғасады – Мемлекеттік хатшы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді. «Төтенше жағдай режимінің алынатынына қарамастан антитеррорлық режим кей аймақтарда жалғасады. Сонымен қатар антитеррорлық операциялар режимі жоғарғы деңгейде», – деді Ерлан Қарин. Оның сөзінше, құқық қорғау органдары жағдайды қалпына келтірумен қатар ақпараттық шабуылға тойтарыс беруге мәжбүр.

«Алғашқы күндерден бастап ашық ақпараттық шабуылдарға тап болдық. Бұл – жалған ақпараттар мен фейк жаңалықтар ағымы. Олар әлі де жалғасуда. Құқық қорғау органдары тәртіпті қалпына келтіріп қана қоймай, айтып өткен ақпараттық шабуылдарға да тойтарыс беруде», – деп мәлімдеді мемлекеттік хатшы. 

Ол ақпараттық шабуылдардың ішкі және сыртқы көздерден келетінін қосып өтті. Сонымен қатар Қазақстандағы жағдайдың тұрақталғанын да айтты. 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті