USD
USD
USD

Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы үш тәулікте үсік жүреді

Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы үш тәулікте бұршақ жауып, үсік жүреді деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы үш тәулікте үсік жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алдағы күндері еліміздің батыс, солтүстік, шығыс өңірлеріне атмосфералық фронттар әсер етеді. Жаңбыр жауады: 19-20 тамызда облыстың шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, ал республиканың қалған бөлігінде ауа – райының сипаты өзгермейді-жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның солтүстік жартысында түнде топырақ бетінде 2°С үсік жүреді», - делінген 18-20 тамызға арналған ауа райы болжамында.

Ауа температурасы батыста түнде +18+26-дан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38-ден +27+35°С-қа дейін, оңтүстікте түнде +13+20-дан 10+17°С-қа дейін, күндіз +28+33-тен +22+28 °С дейін, елдің оңтүстік-шығысында +12+18-тан 8+15 °С-қа дейін, күндіз +25+30-тан +18+23°С дейін төмендейді, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, республиканың орталығында ауа температурасы түнде +2+10°С, күндіз +13 + 18, оңтүстігінде + 23°С болады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт