USD
USD
USD

Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жариялады. Кейбір аудандарда әлі де төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайты.

Қазақстанның бірқатар аймағында дауылдық ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус ыстық сақталады. Ертең күндіз Атырау облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Дүйсенбі күні Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Осындай болжам 29 тамыз күні Абай ауданына да қатысты айтылды. 29 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтілуде.

Ертең түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 29 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Облыстың оңтүстігінде, облыстың солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті