USD
USD
USD

Қазақстанның бірінші ракеткасы әйгілі теннисшіні жеңіп кетті

Серена Уильямстың «Үлкен дулығаны» 24-і рет жеңіп, рекордты жаңартатын соңғы мүмкіндігі мүлт кетті.  Қазақстанның 1-ші теннисшісі Елена Рыбакина 1/8 финалда Уильямсты қапы қалдырып, сенсация жасады. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы әйгілі теннисшіні жеңіп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Америкалық әйгілі теннисші Ролан Гарростағы өзінің үш титулының соңғысын 2015 жылы иеленіп, 2016 жылғы финалда жеңіліс тапқаннан бері Парижде төртінші раундтан аспай жүрген еді. 

Ең алғаш Ролан Гарростағы дебютін 1998 жылы бастаған Уильямс, бұл жолы теннистен Францияның Ашық чемпионатында соңғы рет өнер көрсетіп отырғанын растап, ол туралы айтудан бас тартты. 

Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейлік Анастасия Павлюченкомен таласады. Бір қызығы, бұл қарсыластар «Ролан Гаррос» турнирінде жұптық сында бірге табысты өнер көрсетіп келеді. Олар қазір үшінші айналымға дейін өткен болатын. 

Ресейліктер теннистің жарық жұлдызын дер уағында қолдамағанына қазір өкініп жатқан да тәрізді. Өйткені, ол әйелдер арасында әлемге әйгілі теннисші бола алатыны да анық

Қазір оқып жатыр

«Қаржыландыру қысқарса, әлемде ВИЧ індеті қайта өршуі мүмкін» – БҰҰ

ВИЧ

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана