USD
USD
USD

Қазақстанның бірінші энергетика министрі Қадыр Бәйкенов қайтыс болды

Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Энергетика және отын ресурстары министрі Қадыр Бәйкенов 77 жасында өмірден өтті.

Қазақстанның бірінші энергетика министрі Қадыр Бәйкенов қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 10 қазанда Қадыр Байкенов 78 жасқа толар еді.

1967-1985 жылдар аралығында инженер-конструктор, цех бастығы, өндіріс жөніндегі бастықтың орынбасары, бас инженердің орынбасары, партком хатшысы, Алматы ауыр машина жасау зауыты директорының экономика жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

1985-1987 жылдары Қазақстан Компартиясы Алматы обкомының хатшысы болған.

1987-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.

1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы және Алматы қалалық кеңесінің төрағасы болды.

1991-1993 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып істеді.

1993 жылы ҚР Энергетика және отын ресурстары министрі қызметіне тағайындалды.

1994-1995 жылдары ҚР Министрлер Кабинеті жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы болған.

1998-1999 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының президенті болып жұмыс істеген.

1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Инвестконсалсинг» компаниясы» ЖШС президенті болған.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті