USD
USD
USD

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  Қазгидромет бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 7 желтоқсанда Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ, тұман болады Түнде 8 желтоқсанда Ақмола облысында ауа температурасының 20-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Қызылорда облысының орталығында, 8-9 желтоқсанда солтүстігінде тұман түседі Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтілед

і. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман болады Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді. Түнде 8 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, түнде 9 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасының 20-28 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында 8 желтоқсанда ауа температурасының 25 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе