USD
USD
USD

Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аптап ыстық болады

 «Қазгидромет» РМК-сы шілденің 16-сы күнгің күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аптап ыстық болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпорын деректеріне қарағанда, 16-шілде күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның батысында, солтүстігінде, қиыр шығысында және оңтүстік - шығысында ауа-райы құбылмалы болады. Нақтырақ айтқанда, жаңбыр жауып, елдің батысында нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал елдің қалған аумағында күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде, солтүстікте түнде тұман болады.

Алматы облысының басым бөлігінде және Ұлытау және Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында және Абай облысының оңтүстігінде 35-38°с қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары күтіледі.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Қазір оқып жатыр

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов

Конституциялық құрылысты өзгертпек болған: Атырауда бір топ адам ұсталды

Атырауда ұсталған экстремистік топ

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім