USD
USD
USD

Қазақстанның басым бөлігінда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Қазақстанның басым бөлігінда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында тұман және көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с жетеді. Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болуы болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. 31 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. 31 қаңтар-1 ақпанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкентте 31 қаңтар-1 ақпанда түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино