Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанның Бас мүфтиі Президентке хат жолдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Елорда күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау хат жолдады.

Қазақстанның Бас мүфтиі Президентке хат жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сындарлы сәтте Қазақ елінің тарихи көшін бастаған Сіздің және халқымыздың әлемдік қауымдастық алдындағы абыройы мен мәртбесінің одан сайын арта түсуіне ізгі ниетім мен тілеулестігімді білдіремін. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың қазақстандық моделінің маңызы күн санап артуда. Еліміздегі дәстүрлі діндер мен ұлт өкілдерінің келісім аясында өмір сүруі соның айғағы деп атар едік. Мәртебелі Президент! Сізді 6 шілде - Нұр-Сұлтан қаласы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ел игілігі жолындағы бастамаларыңыз бен тарихи шешімдеріңізге береке тілеймін! Алла тағала халқымыздың жарқын болашағы жолындағы жұмыстарыңызға жар болғай! Деніңіз қуатты, әр күніңіз шуақты болғай! Әмин!», - делінген Бас мүфтидің құттықтау хатында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш