USD
USD
USD

Қазақстанның барлық полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді

Қараша айының соңғы он күндігінде полиция қызметкерлері қызметтің күшейтілген тәртібіне ауыстырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанның барлық полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жүргізіледі. Алкогольді ішімдік ішу, қоғамдық орындарда мас күйде жүру, белгіленбеген жерлерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық жасау, ортақ пайдалану орындарын ластау, тыныштықты бұзу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол беру сынды құқық бұзушылықтар тексеріледі.

Қорғау нұсқамасы шығарылған, мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған, ІІО есебіне алынған адамдар, маскүнемдер, нашақорлар, қолайсыз отбасылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтер жүргізіледі. Сонымен қатар жол жүрісі қозғалысы мәселесіне бақылау күшейтілді. 

Іс-шара жергілікті атқарушы органдармен, "Amanat" партиясының өңірлік филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қозғалыстарының және БАҚ өкілдерімен өзара әрекет ету арқылы өткізіледі. Операцияның негізгі бағыты – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту. 

– Әр қызметкер заң атынан нақты әрекет етуі керек. Азаматтармен сыпайы болуды ұмытпау қажет. Заң бәріне бірдей, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Ердоған, Тоқаев

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

ауа сапасы

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

.