USD
USD
USD

Қазақстанның барлық өңірінде жылыту маусымы тұрақты режимде жүріп жатыр

Еліміздің көптеген өңірінде жылыту маусымы басталып, штаттық режимде жүріп жатыр. Ал, оңтүстік өңірлерде 10-15 қазан аралығында басталады, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Қазақстанның барлық өңірінде жылыту маусымы тұрақты режимде жүріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде селекторлық кеңес өтіп, жылыту маусымына дайындық пен бастау мәселелері талқыланды. 

Атап айтқанда, электр станциялары мен желілердің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің дайындығы, сондай-ақ өңірлерде отын дайындау мәселелері талқыланды.

30 қыркүйекте энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алуға құжаттарды қабылдау аяқталды. Дайындық паспортын алу қағидаларына сәйкес оларды беру мерзімі 19 қазанға дейін созылады. Қазіргі уақытта энергетикалық кәсіпорындардан түскен құжаттарды қарау жұмыстары атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда 161 өтініш түскен, оның 77-сі (54 станция, 23 желі) берілді, тағы 84-і (40 станция, 44 желі) қаралу үстінде.

Кеңес қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтау және отынның нормативтік қорын қатаң сақтау қажеттігі тапсырылды.

Айта кетсек, аталған кеңеске Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, "KEGOC" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев