USD
USD
USD

Қазақстанның әскерлері жаңа үлгідегі арнайы техникалармен толықты

Қазақстанның РХБҚ әскерлері жаңа үлгідегі арнайы техникалармен толықты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Қазақстанның әскерлері жаңа үлгідегі арнайы техникалармен толықты
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің жарақ құрамына биологиялық барлау машиналарының заманауи кешендері келіп түсті.

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын іске асыру аясында Қорғаныс министрлігі Қазақстан әскерін техникалық мен жауынгерлік жарақтандыру мәселелерін пысықтауда. Отандық үлгідегі қару-жарақ әзірлеу басым бағыт болып табылады.

Отандық «ОТС NETWORK» компаниясы биологиялық барлау кешендерін әзірлеп шығарды. Олар әскерлердің қажеттіліктеріне қарай зияткерлік ақпараттық технологияларды қолдана отырып жобаланды. Биологиялық сипаттағы төтенше жағдай аумағындағы арнайы техника патогендерді анықтау және оларды шұғыл талдау үшін зертхана жарағымен, жедел түсірілім жүргізуге қажетті шолу бейнекамерасымен жабдықталған. GPS/Глонасс терминалының биологиялық зақымдау аймақтарының деректерін тіркеу және жерсеріктік байланыс жүйесі арқылы мәліметтерді жедел беру мүмкіндігі бар.

Қазіргі уақытта мобильдік кешендерді жинақтау мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру сынақтары аяқталды. Жеке құрам оларды пайдалануды оқып-үйренді. Жуырда арнайы жабдық мақсатқа сәйкес қолдану үшін әскерлерге жіберіледі.


 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино