USD
USD
USD

Қазақстанның алты өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды   

«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Қазақстанның алты өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды   
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді.

30 қыркүйекте және 1-2 қазанда Жамбыл облысында тұман, шаңды дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с артады. 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с жетуі ықтимал. Түнде және таңертең 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы 25 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу

Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмастың» ірі акционерлерінің қатарына қосылды

Шахмұрат Мүтәліпов

ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғайтын жаңа жүйені сынап жатыр

Айжан Аймағанова

Еңбек нарығына жүргізілген аудит кезінде 471 млн теңге қаржылық бұзушылық анықталды

Аудит қорытындысына коллаж