USD
USD
USD

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «17 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оралда 17 қазанда түнде және таңертең тұманды боладыі», - делінген хабарламада
17 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбеде 17 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

«Түнде 17 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде тұман, күндіз облысының солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деп хабарлады «Қазгидромет».

17 қазанда күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жаіады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

«Күндіз 17 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз 17 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - деп ескерті синоптиктер.

17 қазанда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті