USD
USD
USD

Қазақстанның 9 айдағы экспорты 35 млрд долларды құрады

 Қазақстанның 9 айдағы экспорты 35,3 млрд долларды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. 

Қазақстанның 9 айдағы экспорты 35 млрд долларды құрады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «9 айда сыртқы сауда айналымы 62,8 млрд долларға жетті. Экспорт 35,3 млрд долларды, импорт 27,5 млрд долларды құрады. Осылайша, сауда теңгерімінің оң сальдосы 7,8 млрд доллар деңгейінде қамтамасыз етілді», - деді Руслан Дәленов. Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылғы 3-тоқсанда сауда балансы 1999 жылдан бері алғаш рет 1 млрд АҚШ доллары мөлшерінде теріс қалыптасқанын айтады. «Нәтижесінде 2020 жылғы 9 айда сауда балансының профициті 9,1 млрд АҚШ долларына дейін 35 пайызға төмендеді.

Тауарлар экспорты 18,4 пайызға қысқарды. Бұл мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуіне байланысты болды. Тауарлар импорты инвестициялық тауарларды 12,6 пайызға немесе және аралық тауарларды 12,6 пайызға әкелуді қысқарту нәтижесінде 10,4 пайызға қысқарды», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Жапонияда Азия Пара ойындары басталды: Қазақстаннан 150 спортшы қатысады

.

Жетісу облысында шағын автобус КамАЗ-ға соғылып, екі адам қаза тапты

kris_p_kaz/Instagram/ ЖИ арқылы өңделген

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп