USD
USD
USD

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Республиканың сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  10 наурызда Ақмола облысының оңтүстігіне, батысына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

 Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.

Атырау облысының солтүстігінде – тұман, көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

10, 11, 12 наурыз түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жауын жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке, екпіні 23 м/с-ке жетуі ықтимал.

 Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында – тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, күндіз солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

10 наурыз түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Шығыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстігі мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

10-12 наурызда Түркістан мен Жамбыл облысында ауа райының жылынуы мен толассыз жауған жаңбырға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

 

 

 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық