USD
USD
USD

Қазақстанның 7 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

  «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің 7 облысында күн райына байланысты ескерту жариялады.

Қазақстанның 7 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпорынның болжамына қарағанда 12 желтоқсанда Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысында түнде облыстың оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Қарағандыда күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жезқазғанда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда түнде және таңертен тұман түседі. Түркістан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе