USD
USD
USD

Қазақстанның 6 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 3 қарашаның күн райы болжамын жариялады.

Қазақстанның 6 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  2-3 қараша күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

3 қараша күні түнде Қарағанды қаласында көктайғақ болуы ықтимал. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15 м/с болмақ.

Ақмола облысының шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың орталығында 23 м/с болады.

Ертең Қызылорда қаласында күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады деп болжануда. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында желдің екпіні – 15-20 м/с.

 

Қазір оқып жатыр

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Ветеринар дәрігер

«Негізі жоқ ақпаратқа қалай пікір білдіремін?»: Ақкенженов Теңіз кен орны туралы

Ерлан Ақкенженов