USD
USD
USD

Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

 Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Қазақстанның 5 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 6 қараша күні тәулік бойы Түркістан облысының тау бөктерлі және оңтүстік аудандарында тұман түсуі ықтимал. Шымкентте де 6 қараша күні тұман түсуі ықтимал. 6 қарашада Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оралда 6 қарашада жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда 6 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. 6 қарашада Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында және оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қызылордада 6 қарашада жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. 6 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі, 6-8 қарашада Алакөл көлдерінің ауданында жел шығыстан соғады, күші 17-22 м/с күтіледі. 

Қазір оқып жатыр

Непал мен Қытай шекарасында тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Тілеуқабыл Мыңжасар

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны