USD
USD
USD

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынына 1 млн теңге берілді

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғыны Жания Азаматқызының отбасына бір миллион теңге көлемінде сертификат табысталды, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстанның 19 миллионыншы тұрғынына 1 млн теңге берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жанияның отбасын құттықтауға Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев пен Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев келді.

Олар нәрестенің отбасына зор денсаулық пен бақытты ғұмыр тіледі.

Сонымен қатар Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан алғыс хат беріліп, 1 000 000 теңге көлемінде сертификат табысталды. Онымен қоса, отбасының басқа балаларына да сыйлықтар берілді.

Ұлттық статистикасы бюросының халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 19 миллионыншы Жәния Азаматқызы 2021 жылғы 20 маусымда дүниеге келді.

Бұған дейін жаңа туған нәрестенің ата-анасы мен қазақстандықтарды осындай қуанышпен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған еді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі