USD
USD
USD

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды,.

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 9 қазанда күндіз, 10-11 қазанда тәулік бойы Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады 15-20 м/с күтіледі. 9 – 11 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 9 – 11 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз 9 қазанда Қарағанды облысыныңсолтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9-10 қазанда Түркістан облысыныңсолтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 9-10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 9-10 қазанда жоғары өрт қауіпі сақталады.

9 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Қостанай қаласында 9 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 9 қазанда Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 9 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

9 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 9 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с

9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысыныңбасым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 9 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

9 қазанда күндіз Павлодар облысыныңсолтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 қазанда Манғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. Ақтау қаласында 9 қазанда түнде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

9 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында 9 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 қазанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 9 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Астана қаласында 9 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.

9 қазанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 9 қазанда облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала