USD
USD
USD

Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  Қазгидромет 2 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына баланысты ескерту жариялады. 

Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ болады. Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 2 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шымкент қаласында 2 желтоқсанда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с жылдамдыққа жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласы тәуліктің екінші жартысында көктайғақ болады. Қарағанды облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батыс жартысында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Павлодар облысының оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болжанады. Ақмола облысында солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, ортасында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды

Илон Маск

Астанада шетел азаматтарына ЖСН елге келмей тұрып заңсыз рәсімделген

Жеке куәлік

Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты

Бала

«Ұшақтағы орынды таңдағандай»: мәжілісте студенттерді жатақханамен қамту мәселесі талқыланды

Жатақхана