USD
USD
USD

Қазақстанның 12 өңірінде 41 градус ыстық болады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Қазақстанның 12 өңірінде 41 градус ыстық болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 23 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман күтіледі.

Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Кызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағаңды, Абай, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 35-41°С қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net