USD
USD
USD

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына өтініш қабылдау басталды

 Биыл бұл шара төртінші рет өтеді. Былтыр пандемия салдарынан байқау өтпеді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына өтініш қабылдау басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түрлі салада жетістікке жеткен жастарды ұлықтау мақсатында биыл дәстүрлі жоба қайта жанданды. Байқауға елде және елден тыс жерде тұратын барлық қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер медицина, білім беру, ғылым және инновация, экология сынды 7 аталым бойынша іріктеледі. Айта кетерлігі, биыл қазылар алқасына алдыңғы жылдардың жеңімпаздары мен әйгілі спортшы Александр Винокуров, меценат Эдуард Ким сынды белгілі тұлғалар кірген. Өтінімдерді қабылдау 15 наурызға дейін жалғаспақ. Үміткерлер өтінімдерді 100janaesim.ruh.kz сайтына жүктей алады. Биылғы жылдың 100 жаңа есімі сәуір айының орта шенінде белгілі болады.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев: "Біріншіден, әділқазылар отырысын оффлайн өткіземіз. Бірақ бүкіл талаптарға сәйкес өткізіледі. Екіншіден, 100 жаңа есім жеңімпаздарын анықтаған соң осы астанада жеңімпаздарды жинап, мемлекеттік басшылары құттықтауға келген кезде ол жерде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, оффлайн түрде тек қана құттықтаушылар мен құттықтайтын азаматтар қатысады" деді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған