USD
USD
USD

Қазақстанның жүргізуші куәлігін Қытайда емтихан тапсырмай пайдалануға рұқсат берілмек

Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу туралы келісімге қол қою туралы» қаулы жобасын әзірледі.

Жүргізуші куәлігі
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 30 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Жобаға сәйкес, Қазақстан мен Қытай азаматтары белгіленген талаптарды сақтай отырып, аталған елдердің аумағында жеңіл автокөлік жүргізуге жарамды ұлттық жүргізуші куәліктерін пайдалана алады.

Бұл ретте Қазақстан және Қытай азаматтарынан өз елдерінде алған жүргізуші куәлігін пайдалану үшін қайта оқып, емтихан тапсыру талап етілмейді. Алайда жүргізушілер сол елдің заңнамасында көзделген талаптарды сақтауға міндеттеледі.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шара Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумағында уақытша немесе тұрақты болатын азаматтар үшін рәсімдерді жеңілдетуге, сондай-ақ көліктік, туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

 

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы