USD
USD
USD

Қазақстанның жүргізуші куәлігі БАӘ-де жарамды деп танылды

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді.

Жүргізуші куәлігі
Фото: lada.kz

Астана, NEGE. Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары әрі ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаян келіссөз жүргізіп, жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың Қазақстан азаматы барады. Сонымен қатар БАӘ аумағында 14 мыңға жуық қазақстандық тұрақты тұрып жатыр. Құжат екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

«Меморандум ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады», – делінген хабарламада.

Меморандум тараптар қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді толық аяқтағаннан кейін күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп