USD
USD
USD

Қазақстанның жас математиктері Әл-Харезми атындағы халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

Өзбекстан астанасында көршілес алты елден: Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушы арасында Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті.

Олимпиада
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола:

1-орын: Шерхан Жақсылық – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

1-орын: Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

2-орын: Темірлан Әбішев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

3-орын: Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі